8 қыркүйекте Мемлекеттік тілдегі кітапханада көрнекті қайраткер, этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған «Тамыры терең тұлға» атты онлайн тарихи портрет ұсынылды.
Бейнероликте Өзбекәлі Жәнібекұлының ел үшін істеген үлкен еңбектері айтылды. Ол Мәдениет министрі болып және өзге де жауапты қызметтерді атқарып, Ясауи кесенесін қалпына келтіруге, 1989 жылы Эрмитаждан қасиетті Тайқазанды Түркістанға қайтаруға және 1988 жылы Наурыз мейрамын қайта жаңғыртуға тікелей атсалысқан адам қатарында болды Сонымен бірге «Шертер», «Адырна» ансамбльдерін құрып, ұлттық қолөнер мен музыкамызды жандандырды, соны мен қатар құнды этнографиялық кітаптар жазды.
Шара соңында ұлт руханиятының жанашыры болған дара тұлғаның өмір жолы кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болатыны айтылды.