14 сәуір күні Мемлекеттік тілдегі кітапханада Д. Қарбышев атындағы мектептің 6 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Қажымұқан – халық қаһарманы» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың аты аңызға айналған балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов туралы деректі фильм тамашалап, оның өмірі мен ерлігіне қатысты маңызды мәліметтермен танысты. Кездесу аясында «Шындық немесе жалған» ойыны мен тест тапсырмалары ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін көрсетіп, сұрақтарға шапшаң әрі нақты жауап берді. Шараның шығармашылық бөлімінде қатысушылар тақырыпқа сай құрастырмалы постерлер дайындап, өз ойларын көркем түрде жеткізді. Іс-шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, ұсынылған әдебиеттер таныстырылды.