Свернуть поиск
Правая колонка
Біз жалпы Табын ағайындар бөлінбейтін тайпамыз ғой негізі. Тарихқа бет бұрсақ Шөмішті Табындардың ұраны болған Барақ батыр атамызда, Тарақты Табын Бөкенбай батыр атамыздың ұлы Тіленші батырмен ауызбіршілікте болды. Ел басына күн туғанда талай шайқаста жаудың бетін қайтарды. Аллаға шүкір сондай батыр аталарымыздың арқасында ұрпақтарымыздың тамыры тереңге жайылды. Ендігі мына бейбітшілік заманда келер ұрпаққа аталардың ерлігін ұмытпай жеткізу болып табылады. Әрине бәрі ізденіспен еңбектің арқасында. Айтайын дегенім Орал қаласында тұратын Damir Yenshibayev бауырымыз 8 жыл еңбектеніп Ресей мұрағатында шаң басып жатқан мәліметтерді ақтарып, табылған мәліметтерді жинаған болатын. Арабша мәліметтерді қазақшаға (орысша) нұсқасына аударған екен. 8 жыл еңбектің арқасында Табын руының Тарақты аймағының Есімбет (Әшібек) руының 2 том шежіре кітабын басып шығарған болатын. Бұл шежіре кітапта Ресей мұрағатында сақталған ескі құжаттардың суреті, халық санақтар, жер картасы, батыр билердің ерліктері, аңыздар мен шежіре түгел жазылған. Ағайындар бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып, Дамир бауырымызды қолдап кітаптарын сатып алуларыңызды сұраймын?! Тарақты, Шөмішті, Тартулы деп бөлінбей әркім өз үйінің шаңырағына естелік ретінде сақтап қойсаңыздар. Сөздің шыны Дамир бауырымыздың кітаптары өтпегендіктен енді мұрағатқа барып еңбектенгісі келмей қалғанға ұқсайды. Мен ағайыншылдығымды білдіріп бауырымыздың сынып қалмауына ағайындар болып көмектесіп қолдап кітаптарын сатып алуды өтініп сұраймын?! Бүгін Тарақты Табындардың кітабы, ертең Шөмішті Табындардың кітабы шығып жатса ағайындар сатып алмаса оны басқа кім алады?! Осындайда бір-бірімізді қолдап Дамир бауырымызды аяқтан тұрғызып жіберейік ағайындар?! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Ағайындардың ауызбіршілігі кетпесін деп тілеймін!
Халық банк: 87011544728 Дамир Е
Каспий голд: 87011544728 Дамир Е
Каспий магазин арқылы тапсырыс беругеде болады. Табын-Есімбет деп жазсаңыз шығады.
WhatsApp телефон: 87011544728 Дамир

Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев