Свернуть поиск
Дополнительная колонка
Правая колонка
Бейжің университетінің медициналық мектебін бітіргеннен кейін Жапония, АҚШ секілді елдерде ғарыштағы салмақсыздықтың миға әсерін зерттеген. Соңғы жылдары Берлиндегі әйгілі Charité госпиталінде интраоперациялық нейрофизиолог болып жұмыс істейді. Жүзден аса миға жасалған операцияға қатысқан, пациенттеріне Паркинсон, эпилепсия дерті симптомдарынан арылуға көмектесіп жүрген зерттеуші.
Ғалымжан доктор Серік Мейірмановпен бірге Қазақ Халықаралық Ғылым және Технология қауымдастығын (QIST) құрған. Бұл ұйым шет елде жүрген қазақстандық ғалымдар, зерттеушілер, академия және tech қызметкерлерін біріктіреді. Қазақстан ғалымдарының шет елдік әріптестерімен арасындағы қарым-қатынасты нығайтады, тәжірибелі ғалымдардың жас ізбасарларына тәжірибе алмасуына себепші болады.
Ғалымжанмен болған әңгіме сіздерге ұнайды деген үміттеміз. Лайк басып, комментарий қалдырып, әлеуметтік желіде бөлісулеріңізді сұраймыз. Сапалы қазақша контентті бірге қолдайық!

Присоединяйтесь — мы покажем вам много интересного
Присоединяйтесь к ОК, чтобы подписаться на группу и комментировать публикации.
Нет комментариев